0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ — АШЫҚ ДИАЛОГ

Бүгін қала басшысы Мұрат Әйтенов, шаһар аумағында бесінші аудан құрылуына байланысты Абай ауданы аумағына енген Қайнарбұлақ елді мекеніне барып тұрғындармен кездесті. 150-ге жуық азамат қатысқан жиында өзекті мәселелер тыңдалды.

Абай ауданы бойынша нәтижелі жұмыстар жоқ емес, соның бір парасын аудан әкімі Б.Парманов халық алдында жасаған баяндамасында айтып өтті. Өз кезегінде басқарма басшылары да мемлекет тарапынан беріліп жатқан бірқатар көмек түрлерін түсіндіре кетті. Әсіресе, жеке иеліктер мен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында арнайы жобалардың жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Одан соң халықпен ашық диалог орнап, инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы сияқты мәселелер қозғалып, шешілу жолдары ұсынылды.

«Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын арттырудың тиімді құралы – халықпен ашық диалогта пікір алмасу. Сол үшін мен кабинетте отырмаймын. Халықтың арасындамын» деген Мұрат Дүйсенбекұлы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына халықпен мүмкіндігінше жиі кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, азаматтардың мәселелерін жедел шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Кездесу барысында экономика басқармасы басшысы орынбасары мен кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қайнарбұлақ елдімекені тұрғындарына халыққа мемлекет тарапынан жасалып жатқан экономикалық әлеуетті көтеру және кәсіпкерлікті қолдау туралы жүргізіліп жатқан бағдарламалар туралы баяндады.

Қаланы жүйелі түрде дамыту үшін қоғам белсенділерімен кездесу алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Айтып өтейік, шаһар басшысы былтыр қала аумағындағы 125 тұрғын алап пен шағын ауданды аралап, 20 кездесу өткізді. Бұл кездесулерге 14 мыңнан астам адам қатысып, 1 151 мәселе көтерілді. Оның 640-ы шешіліп, 242 мәселе орындалуда, ал 269 мәселе 2023-2025 жылдары шешімін толық табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

smarttop

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 73 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру