16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АУДАНЫ АУМАҒЫ БОЙЫНША ҰЗЫНДЫҒЫ 45,5 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 75 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Еңбекші ауданы бойынша ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды.
Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді.
Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеуші есебінен «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
2023 жылы І кезеңмен ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 75 көшені жөндеу жоспарлануда.
2023 жылы і-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және кешенді балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүруде.
Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған.
Нақтылап айтсақ:
Әл-Фараби ауданына – 364 үй (299 аула)
Қаратау ауданына – 4 үй (4 аула) өтті.
Қазіргі таңда аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.
Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты.
2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды.
2023 жылы І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.
ІІ-кезеңмен 9 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 3 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттар әзірленуде.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер жасөспірімдерге суға шомылудағы қауіпсіздік жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

smarttop

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН КІМДЕР АЛАДЫ?

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕЛОРДА КҮНІН ТОЙЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру