0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӘРІЗ ТАЗАРТУ ИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұрғын үйлердің инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етілуін басты назарға алуды тапсырған болатын.

2023 жылы Тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамту, оның ішінде кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент каласы кәріз тазарту имараттарының қуаттылығын тәулігіне 200 000 текше метрге дейін ұлғайту» бағытындағы нысанының құрылыс жұмыстары жоспарланған-ды.

Бүгін шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтың қатысуымен жобаның алғашқы іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары бастау алды.

Қаламыздың кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 2021 жылы 54 %-ға, 2022 60 %-ға жетті. 2025 жылға 75 %-ға жеткізу жоспарланған.

-Қазіргі таңда қаламызда халық саны күн санап өсіп жатыр. Сәйкесінше инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз ету көлемі де артуда. Инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде және қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыруда бүгін құрылысы бастау алған “Шымкент каласы кәріз тазарту имараттарының” маңыздылығы зор,-деді, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЖАСЫРЫН ЦЕХТАР ЖОЙЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру