1.3 C
Шымкент
Четверг, 22 января, 2026
Smarttop.kz

1500-ГЕ ЖУЫҚ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан 2022 жылы бекітілген индикаторлар толық орындалды. Өндірістік жарақаттану, кәсіптік уланулардың алдын алу және азаматтардың еңбек құқығын қорғау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде былтыр жалпы 1 816 жұмыскердің бұзылған құқықтары заңға сәйкестендіріліп, әлеуметтік құқықтары қорғалған. Соның ішінде 76 кәсіпорында 1 430 жұмыскердің 240,3 млн теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді.

2022 жылы басқарма тарапынан еңбек заңнамасының бұзылу фактілері бойынша келіп түскен арыз-шағымдар мен құқық қорғау органдардың талаптары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан, жеке тұлғалардың 1 670 арыз-шағымы мен өтініштері заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптары берілді.

Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның 12 отырысы өткізіліп, әлеуметтік шиеленістерін, еңбек жанжалдарын болдырмауға бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ САПАЛЫ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Полицейлер дүкенге ұрлыққа түсіп, ақша мен азық-түлік ұрлаған күдіктіні ұстады

smarttop

Пікір қалдыру