Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: «ТҰЛҒАЛАР МЕН ЦИФРЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ СҮЮ» АТТЫ АУҚЫМДЫ ФОТО-КӨРМЕ ДАЙЫНДАЛУДА

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжанов мәлімдеді.

Бірегей идея авторының айтуынша, ауқымды көрменің негізгі мақсаты – әр өңірдің көрікті, тарихи жерлерін, еңбек адамдарын фотосуреттер арқылы басқа аймақтарға таныстыру.
Биылғы жылғы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алатын тың жоба, еліміздің барлық облыс және аудан орталықтарында ұйымдастырылатын болдаы.
Жоба авторы екі айдан астам уақыт көлемінде еліміздің барлық өңірінде іс-сапарда болатынын жеткізді. Қажетті материалдар жинақталған соң, арнайы құрылған комиссияға ұсынатын болады. Фото көрмеде танымал тұлғалар мен тарихи жерлер көрсетіледі. Әзірге бұл жобаның дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, көрмеге мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мақсатында түсірілген фотолар да қойылатын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

«БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІП АШҚАН «ҚАРА БАТЫРДЫҢ» ЫДЫСТАРЫНА ШЕТЕЛДЕН СҰРАНЫС КӨП

smarttop

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді

smarttop

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРДЕМАҚЫҒА ӨТІНІШТІ ҚАШАН ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ?

smarttop

Пікір қалдыру