0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАСТАР ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН СОҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІГІ БАР

«Бір жылдығын ойлаған бидай егер, жүз жылдығын ойлаған ағаш егер. Ал мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді». Осы нақылға сай бүгін қалалық Жастар ресурстық орталығында «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» атты акция өтті. Аталған іс-шарада мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін білім алу тәртібі туралы сөз қозғалды.
Жауынгерлік және әскери-кәсіптік даярлықта, әскери тәртіпте жоғары нәтижелер көрсеткен жағдайда екі жыл ішінде ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО-да тегін білім ала алады. Ол үшін ЖОО-ның білім беру бағдарламасын таңдап, Қорғаныс министрлігінен ұсыныс алады. Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткеру нәтижелері негізінде тегін жоғары білім беру жөнінде шешім қабылдайды.
Бүгінгі акцияның басты мақсаты – жас жеткіншектерді отансүйгіштікке баулу және олардың ерең еңбегін насихаттау.
– Тәуелсіз мемлекетімізде ұлы қасиеттердің бірі тіліміз бен бабалардың салған сара жолы екенін жастар ұмытпауы керек. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, елі мен жерін қорғау жолында қазақ сарбаздарының көзсіз батырлығы, қайталанбас ерліктері алтын әріптерімен жазылды. Бәрімізге ортақ міндет – ол жастарға тарихты ұмыттырмай, өз Отанын қорғауға және оның мүддесі үшін қызмет етуге дайын азаматтарды қалыптастыруға өз үлесімізді қосу, — деді ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің аға офицері Ғалымжан Жұмабаев.
Айта кетейік, алдағы маусым айында тоғызыншы республикалық «Айбын» жарысы ұйымдастырылуда. Оған жастардың дайындығы сақадай сай. Шымкент қаласының ардагерлері де бұл бағытта жоғары деңгейде жұмыс атқаруда.

Ұқсас ақпараттар

«Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы Түркістан облысында іске қосылып, арнайы рейд жүргізілді

smarttop

ШЫМКЕНТ-ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІ B2B ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

smarttop

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру