3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Шымкент қаласында «1 Маусым – Халықаралық баларды қорғау күні» салтанатты түрде аталып өтті. Мереке Әл-Фараби алаңында 500-ге жуық балақайдың жол бетіне балғын шақтың әсерлі сәттерін бейнелеуден басталып, оқушылардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесіне ұласты.

Салатанатты жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов бүлдіршіндерді бүгінгі мерекемен құттықтап, балалар жылы аясында бірқатар жаңа нысандар іске қосылатынын жеткізді.
–Балаларымыз – біздің бақытымыз және болашағымыз!
Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауына орай 42,9 млрд. теңге қаржы қарастыра отырып, 84 тармақтан тұратын арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.
Биыл қаламызда 143 балалар ойын алаңшасы, 33 спорт алаңшасы, 16 мектеп, 1 оқушылар сарайы мен №2 балалар саз мектебі іске қосылады. 2021-2022 оқу жылында қаламыздың бес жүзден астам оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарды. Бұл біз үшін мақтаныш. Ең алдымен шымкенттік ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, оқушылардың дамылсыз білім алып, оқып-үйренуге жұмсаған алтын уақытының қайтарымы деп білемін, -деді қала әкімі.
Бұдан кейін білімімен, дарынымен топ жырып жүрген оқушылар шеруіне жалғасты. Олар – халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары.
Салтанатты кешке жиналған балалар мен ата-аналар, Б.Нарымбетов бастаған қала мәслихатының депутаттары ҚР Халық әртісі Майра Мұхамедқызы және қаламыздың өнерлі бүлдіршіндерінің өнерін тамашалады.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

smarttop

Шымкентте сарбаздар зияткерлік ойын өткізді

smarttop

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру