0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін «Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» республикалық бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды.
Маңызды іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық партия филиалының өкілдері, «AMANAT» партиясы фракцисының депутатары, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облыстарының делегат мүшелері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы қатысты. Мұнда Шымкент қаласындағы үздік және танымал жұмыс беруші компаниялар, мемлекеттік мекеме мен ірі кәсіпорындар жиналған. Жәрмеңкеде жастарға 4 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Сала мамандары жұмыс іздеушілердің мүддесін көздей отырып, шара барысында жалақы, еңбек шарттары мен қауіпсіздігі жөнінде толық мағлұматтар берді.

Жәрмеңкеде биылғы бітіруші түлектерге, жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары мен жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі, бос орындар, ерікті түрде Солтүстік өңірге қоныс аудару бағдарламасы, мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша түсіндірме жүргізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы ақпараттық кеңестер берілді.
Жәрмеңкеде 82 мекеме 963 тұрақты жұмыс орнын таныстырып, қалған жұмыс берушілер онлайн түрде бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы 150-ден астам мекемеден 5 мыңға жуық бос орын ұсынылды.
Жұмыс берушілер 500-ге жуық адамға кеңес беріп, 103 адамға жолдама берді. Атап айтқанда, 50 адам тұрақты жұмысқа, 30 қатысушы «Жастар практикасы», 18 жасқа «Алғашқы жұмыс» орнына, 5 адам «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы бойынша жолдама алды. Одан бөлек, 41 адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқу мен қайтарымсыз грант алу бойынша кеңес берілсе, 77 отбасы ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ:«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» БАЙҚАУЫНДА 38 ҮМІТКЕР БАҚ СЫНАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 200-ШІ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

smarttop

Полицейлер 3 күнде 1200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

smarttop

Пікір қалдыру