Smarttop.kz

Арыстық полицейлер жалғызбасты ананың алғысын алды

Күн шуағын шашып, көктем мезгілі келгенде, барша адамзат ерекше құлшыныспен жақсылық жасауға ұмтылатындай. Тіпті 1 наурыз елімізде соңғы бірнеше жылдан бері «Алғыс айту» күні болып атап өтілуде.

Бұл күні өзге ұлт өкілдері сонау қиын шақта құшағын айқара ашып, өз бауырларындай көріп, қарсы алған қазақ халқына алғыс айтады. Аға-ініге, балалар ата-аналарына ризашылық сезімдерін жеткізеді.

Ал Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көктемнің алғашқы күнін қайырымдылық жасаумен бастады. Яғни жалғызбасты анаға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік апарып, қаржылай көмек берді.

Ал тұрғын полицейлердің әрекетіне разы болып, алғысын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер екі тұрғыннан 5 000 000-ға жуық ақша алып, алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады

smarttop

ШЫМКЕНТ: СУ АРНАЛАРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Дүкеннен ұялы телефон ұрлаған бойжеткен ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру