0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 13 ЖАСАР ҚЫЗҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері 14 жасар қызға ота жасады. Күрделі операция сәтті өтті дейді, дәрігерлер.
Қаңтар айында окнологтың консультациясында болған жасөспірім ультра дыбыстық тексеруден өтіп, мамандар көкірек безінің орталық бөлімінде ісік тәрізді түзілімді анықтаған. Кеуде қуысының компьютерлік томографиясы түсірілген кезде ісіктің көлемі 9 см болған. Омыраудағы ісікті алып тастау үшін ауруханадағы дәрігерлер ота жасауға шешім қабылдайды.
Отаны жүргізген – Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байдуллаев, окногематология бөлімінің меңгерушісі Жеңіс Жарқынбекұлы, анестезиолог-реаниматолог Бауыржан Альменов.
– Гистология нәтижесінде науқастан алынған жапырақ тәрізді фиброаденомадан қатерлі ісік клеткалары анықталмады. Фиброаденома 10-18 жасар қыздар арасында 1000 қызға шаққанда 4-5 қызда анықталады. 2 см ге дейін түзілімдер оперативтік емес жолмен емделеді. Ал бұл науқаста ісіктің көлемі 9 см болғандықтан, операция жасап алып тастадық, — дейді окногематология бөлімінің меңгерушісі Жеңіс Жарқынбекұлы.
Қазіргі таңда науқастың денсаулығы бірқалыпты.

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ 6 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛАДЫ

smarttop

В ЦЕЛЯХ ПРОФИЛАКТИКИ КОРИ СОСТОЯЛОСЬ ЗАСЕДАНИЕ ШТАБА

smarttop

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БАРЛЫҚ САЛАДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру