29.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

НАУРЫЗ ТОЙЫ ГАЛА КОНЦЕРТКЕ ҰЛАСТЫ

Шымкенттегі Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар бүгін Астана алаңында өткен «Шырқа, Наурыз» гала концертіне ұласты.
Халықтың сүйіктісіне айналған сахна саңлақтары — Жанболат мен Жазира, Мелдір Әуелбекова, Әлия Әбікен мен Қанат Үмбетов, Райм мен Ерке Есмахан бастаған эстрада жұлдыздары ән шырқап, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.
Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік бағдарлама әр аймақтың дәстүрлерін насихаттайтын Батыстан, Шығыстан және солтүстіктен оңтүстікке қарай жүретін керуендердің кездесуінен басталды. Керуендер құрамында әр аймақтан танымал әртістер мен спортшылар болды. Батыс керуенін елімізге танымал әнші Тамара Асар, Шығыс керуенін — әнші Ардақ Балажанова, Солтүстік керуенін — танымал эстрада әншісі Мадина Сәдуақасова, Оңтүстік керуенін — Жергілікті Аритка Наркенже Серікбаева басқарды.
Наурыз шашуы ретінде ұсынылған концерттік бағдарламаны көруге келген жұртшылықтың қарасы қалың болды. Көктем лебін жеткізген әуелеген әндер шеруін тұрғындар ашық аспан астында үш сағат бойы тамашалады. Мерекелік кеш «Хабар» арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖЕТІЛДІРІЛМЕК

smarttop

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ПАРККЕ 100 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ Б.ТҰМАНБАЕВТЫҢ БАЯНДАМАСЫ

smarttop

Пікір қалдыру