16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛАДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?

Анықтап қарағанға аймақ­тардағы тірек қалалар үшін де, орталықтағы шаңқан шаһарлар үшін де, атауы екі түрлі болғанымен көтеретін жүгі ортақ мәселе бар. Ол агломерация бағыты мен урбанизация жайы.

Урбанизациясы мен агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан үшінші мегаполис — еліміздегі ауыл шаруашылығы үшін қолайлы аймақтардың бірі. Мұны ескерген шаһар басшысы егіс егіп, өнім өндіруде алыс-жақын шет елдердің озық технологияларын үйреніп, тәжірибеде іске асыру қажеттігін де қаперге ілді. Рас, елімізде агломерация орталық­тарын дамыту пәрменді жүріп жатыр. Дәл осы агломерация үдерісі ауыл-аймақтың жақын маңдағы қалалық өндіріс ошақтарына арқа сүйеп, қанаттаса дамуына жол ашуы керек болатын. Қажет кезінде тауар алмасу мен табыс табудың даңғыл жолына айналып, қаланы азық-түлікпен қамтитын ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етуі тиіс-тұғын. Өкінішке қарай, осы жерде сәл кереғарлық туады. Адамдар өндіріс ошақтарына, сауда-саттық нүктелеріне арқа сүйеп, алыс ауылдар мен шалғай елді мекендерді дамытуға бағытталған шаралардың нәтижесін сезініп отырған жоқ. Демек, агломерация талаптарынан туындайтын істердің жемісін жейтін уақыт тым ұзаққа созылып кетті немесе ниет пен мақсаттың оң екендігін түсіндіру жұмыстары идеологиялық сипат алмай қалды. Біз мұны қалаға үдере көшу үрдісінің бәсеңдемей отырғанына қарап айтып отырмыз.

Бастамаға қолдау танытқан Мұрат Дүйсенбекұлы ауылшаруашылық өнімдерінің артуы — экономикаға да оң серпін беретінін айтып, тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

— Жемісті жылдың жетістігін паш ететін барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шаруаларға, кәсіпкерлерге зор алғысымды білдіремін. Дихандарымыздың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды,-деді әкім.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ «МЕТАЛЛУРГ» СТАДИОНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

smarttop

Полицейлер екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

smarttop

О текущей обстановке по охране Государственной границы

smarttop

Пікір қалдыру