Smarttop.kz

НАУРЫЗ ТОЙЫ ГАЛА КОНЦЕРТКЕ ҰЛАСТЫ

Шымкенттегі Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар бүгін Астана алаңында өткен «Шырқа, Наурыз» гала концертімен қорытылды. Халықтың сүйіктісіне айналған сахна саңлақтары — Жанболат мен Жазира, Мелдір Әуелбекова, Әлия Әбікен мен Қанат Үмбетов, Райм мен Ерке Есмахан бастаған эстрада жұлдыздары ән шырқап, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.
Наурыз шашуы ретінде ұсынылған концерттік бағдарламаны көруге келген жұртшылықтың қарасы қалың болды. Көктем лебін жеткізген әуелеген әндер шеруін тұрғындар ашық аспан астында үш сағат бойы тікеден тік тұрып тамашалады. Мерекелік кеш «Хабар» арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРЕТІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК (МКЗК) КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

smarttop

Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА «РЕМСТРОЙ» ЖШС ТАРАПЫНАН ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ 2023 ЖЫЛДЫҢ І-ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА АЯҚТАЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

Пікір қалдыру