0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕРЕКЕЛІК АСТАН УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, қала тұрғындары тойлауға кірісіп те кетті. Дәрігерлер мереке кезінде түрлі тағамдардан уланып қалудан сақ болуға шақырды. Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте мамандар сақтық шараларын түсіндірді.
– Мереке қарсаңында тұрғындар азық-түлік, оның ішінде әртүрлі тез бұзылатын аспаздық және кремді кондитерлік өнімдер алып жатады. Мұндай сәтте тамақтан уланудың негізгі себептері ретінде тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерінің сақталмауы, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен өнімді қолдану, тез бұзылатын тағамдардың тоңазытқышта сақталмауын айтуға болады, — деді Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Райымқұлұлы.
«Мерекеде астан уланбау үшін қарапайым ережелерді сақтанған жөн. Үйде мерекелік тағамдарды дайындау кезінде ең алдымен қолдың, ас үй жабдықтарының, ыдыс-аяқтың тазалығын қадағалаңыз. Шикі өнім мен дайын тағамды бөлек сақтаңыз, оларды әзірлеу үшін бөлек пышақ пен кесу тақталарын қолданыңыз. Жаңа дайындалған тағамды кешегі тамақ қалдықтарымен араластырмаңыз. Егер дайын тағам келесі күнге қалса, оны қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу қажет. Етті, құс етін, жұмыртқаны, теңіз өнімдерін және мерекелік тағамдарға арналған басқа ингредиенттерді қуыру, қайнату кезінде дұрыс температуралық режимді сақтау және пісіру үшін қажетті уақытты сақтау өте маңызды» деп жеткізді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Наталья Беляева.
Мамандар мерекеде алаңдарда, саябақтарда, көше бойында тәтті мақта, қуырылған жүгері, құйылмалы квас, самса, бәліш, жұмсақ балмұздақ сататын және белгіленген орны жоқ рұқсатсыз сауда орындарының көбейіп кететінін тілге тиек етті. Сондықтан тұрғындарды денсаулығына жауапкершілікпен қарап, мұндай сауда орындарының өнімін тұтынбауға шақырды.
Брифинг барысында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Тұрымбетова туберкулез дерті және оның қаупі жайлы баяндады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛУ ЖҮРУДЕ

smarttop

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ЖАНДАНДЫРУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ СЫЙБАЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру