15 наурыз – Жайлау күні. Бұл күні шымкенттіктер табиғатқа қамқорлық көрсетіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Мереке Шымкентте Арбат алаңында басталды.
Демалыс алаңында Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы және қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге шымкенттік оқушылар жасаған құс ұялары қойылды. Ұйымдастырушылар игі бастама ертең дендросаябақта жалғасады деп атап өтті. Талантты жас шеберлердің қолынан шыққан құс ұяларын ертең еріктілер тобы дендросаябаққа орналастырады. «Бұл жалпықалалық шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу, құстарды шақыру және қорғау, тұрғындар мен мектеп оқушыларының экологиялық көзқарасы мен табиғат алдындағы жауапкершілігін қалыптасыру, экологиялық мәдениетін арттыру, сонымен бірге табиғатты қорғау жұмысына араластыру болып табылады.
–Көрмеге 1000-нан астам құс ұясы қойылды. Осы науқанға көмек қолын созған білім басқармасына алғысымыз шексіз. Жиналған ұяның 700-ін қаламыздың мектеп оқушылары өз қолдарымен жасады.
–Көрмеге 1000-нан астам құс ұясы қойылды. Осы науқанға көмек қолын созған білім басқармасына алғысымыз шексіз. Жиналған ұяның 700-ін қаламыздың мектеп оқушылары өз қолдарымен жасады.
Табиғат-Ананы аялап, оны келер ұрпаққа жеткізу – ел болашағын ойлайтын кез келген жанның азаматтық парызы. Мен осы таныстырылымда ұсынып отырған мәселе — ел экологиясы. Туған жеріміздің күннен күнге ластанып, «темір зиратқа» айналуы, тарихымызда жаңа ауру түрлерінің етек алуы, ата – тегімізде болмаған мутанттардың туылуы — ел қасіреті.
Мұндай игі шаралар балаларды еңбекке баулып, Табиғат-Ананы аялауға үйретеді, — деді зоологиялық саябақтың қызметкері Назым Пердебайқызы.
Мереке аясында қала тұрғындары мен қонақтары көрмеге әкелінген ерекше құстарды тамашалады. Тұрғындар арасында түрі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды.
Айта кетейік, Жайлау күні мерекесі аясында қалада қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, көшеттер отырғызылады, гүлдер егіледі.