16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру мақсатында арнайы жиын өткізді. Құрылыс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармалары мен мердігерлердің қатысуымен өткен басқосуда қала аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны жақсартып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды. Бұл ретте мердігерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігіне тоқталды.

Тұрғын үй мүлігінің ұсынысының икемсіздігіне байланысты қысқа мерзімде бағаның біршама өзгеруі сұранысқа əсер етпейді. Бірақ бағаның жылдам шарықтауы басында ұзаққа созылатын ажиотажды сұранысты тудырады да, кейінен сұраныстың жəне қызмет белсенділігінің бірден түсуіне алып келеді. Ұсыныс та, сұраныс сияқты тұрғын үй нарығының маңызды сипаты болып табылады жəне нарықта ұсынылатын пəтерлер мен үйлер санын көрсетеді. Зерттеулер көрсеткендей, тұрғын үйдің ұсынысына көптеген факторлар əсер етеді, олардың ішінде: үйдің нарықтық бағасы, қаржы ресурстарының қолжетерлігі, құрылыстың бағасы, сонымен қоса құрылыс материалдарының бағасы, электро энергияға жəне көлік қызметтеріне тарифтер, қызмет белсенділігінің деңгейі жəне елдегі салық тəртібі, құрылысқа экономикалық жəне құқықтық шарттар алу жəне зоналық шектеулер, инвестициялау тəуекелділіктері, тұтынушылардың рационалды күтулері.Үй құрылыс көлемінің артуы, басқа тұтыну тауарлар өндірісімен салыстырғанда экономика үшін көп қаржыны жəне күш салуды қажет етеді. Сондықтан экономикалық цикл фазалар ұзақтығының болжамалы бағалары үлкен маңызға ие. Өрлеудің жəне жанданудың қысқа мерзім кезеңдер шегінде тұрғын үй құрылысы басталады жəне оны сату қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ қала әкімі мердігерлерге қолданысқа берілген тұрғын үйлердің ақауларын тез арада қалпына келтіру қажеттігін жеткізді. Басқарма басшыларына әрбір нысанды қабылдауда тиісті талаптардың сақталғанын қатаң қадағалап, сапассыздыққа жол бермеу қажеттігін ескертті.

Ұқсас ақпараттар

«Бақытты мекен» жобасы аясында психолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді

smarttop

СУБҰРҚАҚТАР КЕСТЕГЕ САЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БЕСІНШІ АУДАН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру