Шымкент Сити шағын ауданы мен Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын Өтегенов көшесінің 1-кезеңінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанда болып, жұмыс барысын қадағалады.
Қала құрылысы факторлары деген, ол – байланыс жолдары сұлбалары жоспарлау ерекшеліктерін сипаттайды, жаяу жүргіншілер легі қозғалысын үймдастырады, көше құрылысының түрлерін тағайындайды, микроаудандар кешендері орналасуын шешеді.
Жолды – жоспарлау факторлары деген, ол көше – жол тораптары сұлбаларын жоспарлауды, Көлік және жаяу жүргіншілер лектерінің қозғалу ырғақтықтары мен қозғалу жылдамдықтарын таңдайды, қозғалыс тәртібін реттейді, көшелердің жоспралау сипаттамаларын шешеді.
Қала көшелері мен жолдарының жалпы ендері олдардың санаты және көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүру ырғақтықтары бойынша тағайындалады. Онымен қоса тағы көңіл бөлетін жағдайлар: құрылыс түрі, жер бедері, тұрғындарды шудан қорғау, вибрация, газдану, жер беті суларын ағызу сияқты ж.б. КНжЕ бойынша:
- жалпықалалық мәнді көліктер қозғалысы үздіксіз магистралдық көшелерінің жалпы ені – 75м.;
- жалпықалалық мәнді көліктер қозғалысы реттелген магистралдық көшелерінің жалпы ені – 60м.;
- аудандық мәнді магистралдық көшелерінің ені – 35м.;
- көп қабатты үйлер араларындағы көшелердің ені – 25м;
- бір қабатты үйлер араларындағы көшелердің ені – 15м;
Осы көшелердің ендері қажетті негіздеулер арқылы кеңейтілу мүмкін.
Мұнда қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағал тас төсеу, ирригациялық жүйелер жүргізу, тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды. «Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстарын тездетіңіздер. Құрылысты сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізіп, нысанды желтоқсанда тапсырыңыздар» — деді қала әкімі. Екінші кезеңде Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр, Төлеметов көшелерін қамтиды. Қазір жол негізі салынып, асфальт жабындысы төселуде. Сондай-ақ бригадалар жүргіншілер жолы мен суағарларды орнатуда.