0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АРХИВТЕГІ ҚҰЖАТТАР ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕГЕ АУЫСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды. Қазіргі таңда мекеменің қорында 191 967 сақтау бірлігі (шамамен 32 млн парақ құжат) сақталуда. Оның 7752-і басқарушылық құжат, 183 883-і жеке құрам құжаты, 95-і жеке тектік құжат, фотоқұжаттар жән 34 бейнеқұжат бар.

Аталған құжаттар кезең-кезеңімен цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша бірінші кезекте тұрақты сақталатын және жиі сұранысқа ие болатын құжаттар цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл мақсатта 4 дана планетарлық сканер орнатылған.Бағдарламаның негізгі мақ­саты – орта мерзімді перспективада цифрлы технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын бо­лашақтың цифрлы экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау.Бағдарлама шеңберінде виртуалды мұражайлар, мұрағаттар желісін құру және барлық му­зейлік, архивтік қорларды, кон­церт­тердің, пьесалардың жаз­­баларын, материалдық және ма­териалдық емес тарихи және мәдени мұраның маңызды эле­менттерін электронды фор­матқа аудару жоспарлануда. Ақ­паратқа қол жеткізуді жаңа бірыңғай электронды порталын құру арқы­лы қамтамасыз етуге болады, ол еліміздің мәдени өмірін бір танымал ресурсқа аударуға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның әлем­дік кеңіс­тіктегі мәдениеті мен өне­рін алға жылжытудың және оны кең танымал ету мүмкін­дік­терінің ең қолжетімді форматы.

Биыл мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша 576 000 парақ құжат жоспарланып, жыл басынан бері архивтік құжаттардың 129 782 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілген.

Айта кетейік, Мекеме жыл басынан бері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметіне қатысты 1702 сұранысты орындаған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК, ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕСЕБІ

smarttop

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЕРТЕ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру