17.3 C
Шымкент
Суббота, 19 апреля, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ҰЛТТЫҚ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН

Шымкентте ұлттық спорт түрімен шұғылданатын азаматтар саны артып, 20 742 адамға жеткен. 2022 жылдың статистикалық қорытындысына сәйкес, шымкенттіктердің 42 пайызы, яғни 498 852 адам дене тәрбиесімен айналысып, спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатын азаматтар оның 4.1 пайызын құрап отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлап отыр.Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып,  адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.Мегаполисте ұлттық спорт түрлерін насихаттап, дамыту мақсатында Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы жұмыс істеп келеді.«Кешенді спорт клубында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыcпақ, жекпе-жек, жамбы ату, конкур, көкпар, теңге ілу, бәйге бойынша 10 бөлім жұмыс істеп тұр. Бүгінде ұлттық спорттың 10 түрінен 107 оқу тобы жасақталып, онда 1082 спортшы жаттығып жүр. Ал, жас спортшыларды өз саласының білгір 54 оқытушы-жаттықтырушысы баптап жүр», — дейді мамандар.

Айта кетейік, ұлттық спорт түрінен ҚР Еңбек сіңірген 2 жаттықтырушы еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, ҚР жасөспірімдер, жастар, ересектер құрама командасының тізімінде 1 ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 ҚР спорт шебері, 111 Спорт шеберіне үміткер және І спорттық дәрежедегі 57 спортшы бар.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 90 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН «GRAMAD» СУПЕРМАРКЕТІ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗҒА ИЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ АРЗАНДАТЫЛҒАН БАҒАМЕН САТЫП ЖАТЫР

smarttop

ТҮРКІСТАНДА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДТЕРДІ ІЛГЕРІЛЕТУДЕГІ РӨЛІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру