3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 183 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бозарық шағынауданында болып, елдімекеннің даму жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Қаланың егжей-тегжейлі жобалау жоспарында шағынауданнан 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қаралған. Олардың 65-і мемлекеттік бюджет есебінен салынады. Қазір шағынауданда 16 тұрғын үй бой көтерген, бұл нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалған 49 үйдің құрылысы келесі жылы басталады.
Сонымен қатар шағынауданда алдағы уақытта мектеп, емхана салынады. Мұрат Дүйсенбекұлы Бозарық-3 шағын ауданында бой көтеріп келе жатқан спорт кешенінің ғимаратын қарап шықты. Спорт мектебі ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалармен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің теңгеріміндегі бос жерде салынуда. 100 оқушыға лайықталған ғимаратта ауыр атлетикаға арналған платформалар қарастырылған. Нысан келесі жылы мамыр айында қолданысқа беріледі. Бүгінгі таңда құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына арнайы барып, бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді.Кез келген мемлекетте тұрғын үй мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып саналады, себебі, азаматтарының әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты. Қазақстан тұрғын үй саласын дамытудың бірыңғай моделін әзірлеуде, оның негізгі қағидаты әсіресе, әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болмақ. Осы мақсатта елімізде тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін жаңа тұрғын үй бағдарламалары енгізілуде.
Қала басшысы жауаптыларға шағынауданда салынып жатқан барлық құрылыс нысандарының сапасын қатаң бақылап, жұмыстардың өндірістік кестеге сай орындалуын қадағалауды тапсырды. Бұл ретте техникалық қадағалаушылардың жауапкершілігін арттырып, сапасыздықты алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ұқсас ақпараттар

БАЛАНЫ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАУ

smarttop

«Мемлекеттен 5 миллион теңге әперемін» деп 20-дан астам тұрғынды алдаған алаяқ әйелдер 3 жылға сотталды

smarttop

Түркістан облысының полицейлері үй құжатын заңдастырып беремін деп алаяқтық жасаған ер азаматты ұстады

smarttop

Пікір қалдыру