13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қалалық сотының қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқаларының 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Брифингте Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Дәурен Сайханов, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлмира Дұрысбекқызы баяндама жасады. Жоғарғы Сотта ағымдағы жылдың алты айындағы сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстары қорытындыланып, азаматтық, әкімшілік істер және инвестициялық даулар бойынша құқық қолдану сот тәжірибесін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Биыл атқарылып жатқан шаралардың басты бағыты – заң үстемдігін қамтамасыз ету дейді жауаптылар. Жалпы жыл басынан бері Шымкент қаласының аудандық соттарына барлығы 15 943 істер мен арыздар түскен. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 484 іс пен арызға немесе 21,8 пайызға артқандығын көрсетеді. Осы кезеңде қаралып аяқталған істердің саны 11 787 істі құраған, 2023 жылмен салыстырғанда 2 630 іске немесе 22,3 пайызға артыпты. Аяқталған істер бойынша шешім шығарумен 5 029 іс болған, немесе 42,7 пайыз. Көрсетілген мәліметтер соттарға түскен арыздардың көбейгенін, ал шешім шығарумен аяқталған істер саны азайған.
Кеңесте аталған статистикаға сәйкес, бірінші сатыдағы соттар, есеп беру кезеңінде 42 789 азаматтық істі қарап аяқтаған, бұл көрсеткіш 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 749 іске  немесе 8,8% іске азайған.  Азаматтық істерді қарауда басты жүктеме қала бойынша  азаматтық істерді қарайтын Алматы аудандық сотына 6 191 іс немесе 15,9%, Есіл аудандық соты – 9 933 іс немесе 25,3%, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 21,9% құрайтын 8 586 іс қараған  және  28,1% құрайтын 10 997 іс қараған Сарыарқа аудандық сотына  тиісілі, бұл осы соттардың мамандандыруларымен байланысты. Талдамалы кезең ішінде 16 375 әкімшілік іс қаралған.
Брифинг барысында Шымкент қалалық сотының сот төрағалары мен судьялары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Шымкент келбеті

Ұқсас ақпараттар

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫЛҒАН БАЗА

smarttop

Полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы кезінде мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 514,3 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру