9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жол қауіпсіздігін жақсарту бойынша арнайы жиын өткізіп, осы бағытта атқарылған жұмыстарды пысықтады. Басқосуда Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Е.Абдраманов пен Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Қоқанбаев баяндама жасап, қала аумағындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.Сапаны бақылаудың өндірістік деңгейі жобалау ұйымдарында, кәсіпорындарында және құрылыс ұйымдарында. Сапаны бақылаудың ішкі өндірістік қызметтерімен жүзеге асырылады. Бақылау нысаны сәйкесінше: жобалау ұйымдарында –жобалау құжаттары, кәсіпорындарда – материалдар, бұйымдар және құрылымдар, құрылыс ұйымдарында – ҚМЖ сапасы. Өйткені өндірістік деңгей – атқарушы деңгейі, онда Сапаны бақылау бойынша жұмыстың негізгі мазмұны сапаны нормативтерге және жобалау құжаттарына сәйкес қамту бойынша іс шаралар жүйесін жобалау болып табылады.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол кептелістері жиі орын алатын уақыттар мен орындар күнделікті зерделенуде. Бүгінде 100 көшенің қиылысына 877, 200 көшенің бойына жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 800 бейне бақылау қондырғылары орнатылған. Бақылау жүйелері жол бойындағы қауіпсіздікті күшейтіп, апатты азайтуға септігін тигізуде.

Қала әкімі осы бағыттағы жұмыстармен, өзекті мәселелермен жіті танысып, жауаптыларға қауіпсіздікті күшейту мақсатында нақты тапсырмалар берді.

🔹“Екі апта ішінде қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 5 жылдық жоспар әзірлеңіздер. Бұл мақсатқа қаралатын қаржыны нақтылап, басым бағыттарды анықтау қажет. Полиция департаменті өкілдері мен аудан әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, мәселелерді жан-жақты пысықтап, бекітілген мерзімде кешенді жоспардың таныстырылымын жасаңыздар” – деді қала әкімі.

🔹Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы жол қозғалысына кедергі жасайтын ретсіз сауданы жойып, жолдарды кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды ескертті. Жаяу жүргіншілер жиі өтетін өтпелдерге бағдаршам орнатуды, жол белгілерін көруге кедергі жасайтын жасыл желектерді ретке келтіруді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Сеніп тапсырған бағалы заттарды жасырын сатып жіберген азамат ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КАРТА ӘЗІРЛЕНГЕН: 15 САЛА БАҚЫЛАУДА

smarttop

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру