9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚОҒАМ ҚАЗЫНАСЫ — АРДАГЕРЛЕР ДЕ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Ардагерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған мәселелер жөнінде өз ойларын ортаға салу үшін басқосты. Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев жүргізді.

Жиында ардагерлер кеңесінің мүшелері Жолдаудағы 5 бағыт бойынша баяндама жасады. Әр ардагер өз саласына қатысты бағытқа пікір білдірді.
Атап айтсақ, алқа мәжілісінде сөз алған ардагер судья Ақылбек Елшібаев. аудандық сот мен сот алқасы төрағаларын тағайындауға кеңінен тоқталды. Ардагер — құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртышылыққа танылғанда ғана ардагер болады. Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз.

— Біріншіден – аудандық сотта да, алқалы сот төрағасы тағайындалмай, өзара ұжымда сайлауды ұсынды. Нәтижесінде, аудандық сот пен сот алқасының төрағалары «аға судья» деп аталуы мүмкін. Екіншіден – барлық деңгейдегі судьялардың мәртебесін теңестіруді алға тартты. Қазір аудандық соттар бірнеше бағытқа бөлінген. Азаматтық сот, экономикалық, қылмыстық сот тағы да өзге бағыттар бар. Олардың еңбекақысы әр түрлі. Енді олардың мәртебесі де, еңбекақысы да теңестіріледі. Президент тапсырмасы бойынша енді судьялардың деңгейі артып, одан жоғары тұрған биліктің сот жұмысына ықпал етуіне тыйым салынады- деді, ардагер.

Жалпы аға буын өкілдерінің пайымынша биылғы Жолдау қоғамдағы ең өзекті мәселені қамтуымен де елдің көңілінен шыққан құжат болды. Бұл — ардагерлердің ортақ пікірі. Басқосу соңында қариялар бата беріп, Жолдауға қолдау білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «АШЫҚ ҮКІМЕТ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

smarttop

“ТАЗА БЕЙСЕНБІ” АПТАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

smarttop

Полицейлер көлігінде 2 бірдей тапанша сақтаған күдікті азаматты анықтады

smarttop

Пікір қалдыру