Smarttop.kz

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМ: МӘСЛИХАТТЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Депутаттарға куәлік пен төсбелгі табыс етілді. Депутаттар ұсынысымен Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат хатшысының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімі бойынша, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.

Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын депутаттардың осы мәслихат үшін белгіленген санының кемінде төрттен үш бөлігі болған кезде, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күндік мерзімнен кешіктірмей тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов депуттарды ел сеніміне ие болуымын құттықтап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыстар тұр. Қазіргі жаһандану процессінде көштің соңында қалмас үшін жылдам және ұтқыр шешімдер қабылдай білуіміз қажет. Біз әрқашан да халық үнімен санасып, қаланың стратегиялық құжаттарын, бюджетті қалыптастыру, нормативтік құжаттарды бекіту барысында ел мүддесін бірінші кезекке қойып келеміз. Қаламыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы Үкіметтің қолдауымен тұрақты дамып келеді. Алда атқарылатын нақты міндеттерді өздеріңізбен бірлесе жүзеге асыратынымызға сенімдімін» — деді қала әкімі.

Сессияда тұрақты комиссияларды құру мен оның тiзбесi, құрамы белгіленіп, алдағы жоспарлар бекітілді.
Қаладан Парламент Мәжілісіне бір мандатты округ бойынша 2 депутат және қала мәслихатына 16 депутат сайланды.

Ұқсас ақпараттар

СУ БЕРУ МАҚСАТЫНДА РЕЗЕРВУАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

smarttop

2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша 449 отбасына (оның ішінде: көпбалалы отбасылар – 195, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 35, толық емес отбасылар – 219) лимит бөлінді

smarttop

2023 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ТОЛЫҚТАЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру