Бүгін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының Өзбекстан Республикасына «Шымкент шашу» гастрольдік іссапары басталды. Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Уақыт талабына сай қазақ қуыршақ театрының бәсекелестікке қабілетін арттыру, көркемдік деңгейін көтеру мәселелері туындап отыр.Бүгінгі таңда республикамызда оннан астам қуыршақ ұжымы халыққа мәдени-рухани қызмет етуде. Олардың өнерін ғылыми-практикалық тұрғыда саралап, кәсіби пікір білдіріп жатқан зерттеулер саусақпен санарлық. Орын алған осы олқылықты шешуде елімізде өткізілетін қуыршақ театрлары фестивальдерінің шығармашылық өресі қандай, маңызы мен мәні нендей, олар өнер ұжымдарының дамуына үлес қоса ала ма деген сұрақтар қарастырылады. Әлемдік қуыршақ өнеріндегі бүгінгі үдерістерден қажеттісін алып, тәжірибе алмасу үшін өткізілетін қуыршақ бұл фестивальдерінің көркемдік деңгейі сарапталып, теориялық-тәжірибелік мәні бағамдалады.Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б. Іссапар мақсаты — екі ел арасындағы мәдени-рухани байланысты нығайту, қуыршақ жасау, қуыршақ өнерін дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру ,- дейді Ташкент қаласынан хабарласқан театрдың директоры Samat Altay.
Гастольдік сапар театрдың 40 жылдық мерейтойы аясында қолға алынып отыр. Шымкенттік өнер майталмандарының сапары 3-8 сәуір аралығында Ташкент және 10-14 сәуір аралығында Самарқанд қалаларына жоспарланған.
— Алдымен өзбекстандық көрермен назарына
Е.Локшинаның «Виини Пух» интерактивті ертегісі ұсынылып, қойылым әсіресе балаларға қуаныш сыйлады. Бұдан кейін Өзбекстан Мәдениет және өнер институты студенттеріне қуыршақ жүргізу бойынша ашық семинар ұйымдастырылды. Семинар салтанатты түрде ашылып, оған Өзбекстан Республикасы мәдениет және туризм министрлігінің өкілі, Самарқанд қуыршақ театры, Қаттақорған театры мен Өзбекстан мәдениет және өнер институтының студенттері және қуыршақ театры майталмандары қатысты,- деді Самат Алтай.
«Шымкент келбеті»