7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАС ОҚЫРМАНДАРҒА РУХАНИ АЗЫҚ БЕРДІ

Отбасылық балалар кітапхансының ұйымдастыруымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – ғажайып әлем» атты кеш өтті. Мерекелік кешке Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, балалар ақыны Дәркен Танабаев пен фантаст-жазушы Сарманбай Исақ және А. Байтұрсынов атындағы №50 көпсалалы мектеп-гимназиясы, Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, кітапханашылар мен ата – аналар, педагогтарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі және құқығы қалады. Кітап оқуға үйрету үшін ең алдымен ата — анарға кеңес беру керек. Балаға бір жасынан — ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет — журнал, кітап оқып отырған ата — ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі. 4 — 5 жастан бастап әңгіме, ертегілер оқуға болады.
Кеш қонақтары жас оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндірді.
— «Кітап – ғажайып әлем» іс-шарасы өскелең ұрпаққа өте қажет. Өйткені, жастарды кітап оқуға кішкентай күнінен баулыған абзал. Қазіргі заманда ғылыми техниканың ерекше дамыған заманы болып тұрғандықтан көбіне жасөспірімдер кітапқа емес, ғаламтор желісіндегі ақпараттарды оқуға қызығады. Жастарды кітап оқуға баулысақ, адамгершілігі, ой-өрісі, сана-сезімі өте жоғары деңгейде дамитыны сөзсіз. Еліміздің келешекте дами түсуіне оқыған, түйгені көп жастар ауадай қажет,- дейді жазушы Сарманбай Ережепұлы.
Мерекелік кеште мектеп оқушылары Дәркен Танабаевтың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, ән мен күйден шашу шашты.
— Ата-аналар тарапынан балаларға кітап оқытудың маңызы зор екенін насихаттап отырмыз. Біздің кітапхана қорында 70 мыңға жуық кітап бар. Балалар әдебиетіне, танымдық кітаптарды іздеп келетін жас оқырмандарымыз да жетерлік. Технология дамыған дәуірде кітапқұмар өскелең ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады, — дейді Отбасылық балалар кітапхансының кітапханашысы Гүлдәурен Асқарбекқызы.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жиыннан жас оқырмандар мол мағлұмат жинап, рухани азық алып тарқасты.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТТЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру