Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының ғимаратында ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаевтың төрағалығымен жиналыс өтті.
Іс-шараға әкімшілік полицияның, жергілікті полиция қызметінің, кадрлық жұмыстың басшылары мен патрульдік қызметтің, ювеналды полицияның жеке құрамы, учаскелік полиция және басқа да сыртқы қызметтердің инспекторлары қатысты.
Жиналысқа облыстық департамент басшылығы тәртіпті сақтау, жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ кездесу барысында жиналғандарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдылықты сақтау және полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа төзімділікті қалыптастыру мақсатында бейнероликтер көрсетілді.
Әңгімелесу жүргізіліп, бұйрықтар жеке құрамға жеткізілді.
Бұдан басқа ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі Қайсар Сұлтанбаевпен тікелей эфир өтті және құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттер шеңберінде тапсырмалар берілді.
1 Пікір
Itís hard to come by knowledgeable people about this subject, but you sound like you know what youíre talking about! Thanks