Smarttop.kz

Полицейлер «1 Мамыр — Қазақстан халқының мерекесіне» орай оқушылар арасында сайыс ұйымдастырды

Мақтааралдық полицейлер Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай оқушылар арасында байқау ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалықты қалыптастыру, татулықты және бірлікте болу. Аталған іс-шараға 10 жасқа дейінгі балалар қатысып, еркін тақырыпта сурет салды. Жарыста әр мектептен келген оқушылар өзінің ерекше қабілеттерін көрсетті. Атап айтар болсақ, I орынды Бекнұр Оразбай, II орынды Айшабибі Өміртай, III орынды Көркем Оңалбайқызы иемденді. Полицейлер оларға сыйлықтар беріп, бөлім бастығының грамотасымен марапаттады. Іс-шараға қатысқан балалар тәртіп сақшыларына осындай шара ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕРГЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ КАРТАЛЫҚ СЫЗБАСЫ БОЙЫНША 36 СЕКТОРҒА БӨЛІНГЕН

smarttop

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру