22.6 C
Шымкент
Среда, 17 июня, 2026
Smarttop.kz

№47 МЕКТЕП — ГИМНАЗИЯСЫНА ЖАҢА ҒИМАРАТ

Бүгінгі қала әкімінің құрылыс барысын бақылаған білім мекемесінің бірі — №47 мектеп-гимназиясы. Қазір мұнда қосымша оқу ғимараты салынуда.

Жаңа ғимараттың құрылысы 2021 жылы басталған. Нысанның сыйымдылығы 300 орын.

Жоба шеңберінде, спортзал, 110 орындық асхана және 10 мың кітап қорына арналған кітапхана 8 орындық оқу залы қаралған.

Қала әкімі Шымкентте халық саны өсуіне байланысты мектепке деген сұраныстың артқанын атап өтті.

Нысанды пайдалануға беру мерзімі осы жылдың маусым айына жоспарланып отыр. Жаңа ғимарат іске қосылса заманауи жиһаздар, қажетті оқу құрылғыларымен жабдықталып, қосымша 38 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 660 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР КӨБЕЮДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ АЛТЫ ЕЛДІМЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру