9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ (ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША).

Шымкент қаласы білім басқармасының Дарын орталығы және ҚР ОАМ «Дарын РҒПО» РМҚК оқушылардың шығармашылық дамуы және жобалау қызметі бөлімінің әдіскері — Бидаулетова Мадина Шардарбековна, ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың әл ауқатын кешенді бағалау басқармасының бас сарапшысы — Жұмабекқызы Алтынай, Шымкент қаласы бойынша Білім саласындағы сапаны бақылау департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы — Егизбаев Данияр Дуйсенбаевич, «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары — Балтабаева Перизат Ербұлатқызы, Мейірбек Айнұр Есенғалиқызы қатысуымен 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі) бағыттары бойынша ағымдағы жылдың 18-21 сәуір аралығында А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында өткізілуде.
Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу процесі бейнебақылау жүргізілуде және бақылау үшін олимпиада өткізілетін орындарда мүдделі емес тұлғалар қатысуда. Жұмыстардың ауысып кетпеуін болдырмау үшін қатысушылар тізіліммен бекітілген әмбебап жауап парақтарына тапсырмаларды орындайтын болады. Қатысушылардың жұмыстары «Дарын» РҒПО сайтында сақталады. Тапсырмалар мен шешімдердің жиынтығы, Олимпиадалық тапсырмалардың орындалуын бағалау критерийі «Дарын» РҒПО сайтына жүктеледі.
Шымкент қаласынан олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңіне 52 оқушы жолданған.
Білімді жастарымыз биік шыңдардан көріне берсін! Сәттілік тілейміз!

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІНЕН 458 АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

smarttop

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КҮН

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫ: ӘР АУДАННЫҢ ДАМУ НҮКТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

smarttop

Пікір қалдыру