Smarttop.kz

Полицейлер трамадол дәрісін заңсыз қолданған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әсері күшті психотроптық дәрі-дәрмектерді сату, қолдану деректерінің алдын алу мақсатында, күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізіп келеді. Осындай кезекті тексеру кезінде полицияға «Трамадол» дәрісін қолданатын ер адам жөнінде хабарлама келіп түсті.
Ақпарат түсісімен полицейлер жедел іске кірісті. Сезікті тұрғын мен оның мекенжайын іздестірді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары тұрғының қалтасынан 40 дана «Трамадол» дәрісін тәркілеп алды.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

«БІЛІМІМ – ОТАНЫМА»: ШЫМКЕНТТЕ 272 МЕКТЕП ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

smarttop

ТЫРЫСҚАҚ ЖӘНЕ ӨТКІР ІШЕК ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ!

smarttop

ШЫМКЕНТ:МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІККЕ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ АҚЫСЫЗ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ

smarttop

Пікір қалдыру