18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

❇️ Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бокстан КСРО спорт шебері Амалбек Тшановтың 80 жылдық мерейтойына арналған бокстан VII халықаралық турнир басталды. Жастар арасындағы бәсекеде Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолиядан және еліміздің өзге де аймақтарынан, жалпы 130-дан аса жас спортшы бақ сынасуда. 🔷 Жарыстың ашылу салтанатында қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, турнирдің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 🔷 — Аталған сайыс жас спортшылар үшін зор мүмкіндік. Спортшыларымыз осындай турнирлерде шыңдалады. Алдағы уақытта сайыстың ауқымы одан әрі кеңейе бермек. Амалбек Қозыбақұлының мерейтойына арналған турнирден әлі талай дарындар шығатынына сенім білдіреміз, — деді қала әкімі. Мұрат Дүйсенбекұлы өңірдің дамуына айрықша үлес қосқан мерейтой иесін құттықтап, құрмет көрсетті. Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 28 сәуір күні анықталады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАДЫ

smarttop

Полиция қарт тұрғыннан арқардың мүйіздері мен патрондар тәркіледі

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру