24.3 C
Шымкент
Четверг, 24 июля, 2025
Smarttop.kz

Елімізге шетелден бөлшектелініп әкелінген көліктерді тіркеуге рұқсат етілді

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 мамырдағы қаулысына сәйкес, еліміздің аумағына конструкторлық жолмен бөлшектелініп әкелінген шетелдік көлік құралдарын тіркеуге рұқсат етілді. Тіркеу бүгіннен бастап барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады. Түркістан облысы бойынша 3 мамандандырылған ХҚКО (Түркістан қаласы, Сарыағаш қаласы, Сайрам ауданы Ақсукент кенті) жұмыс жасап тұр. Тіркеу үшін міндетті түрде 4 қадамнан өту қажет:
Бірінші қадам: көлік құралын тіркеу туралы өтінішіңізді онлайн режимінде «egov-kz», «kaspi bank» және «halyk bank» қосымшалары арқылы бересіз. Оның нәтижесі туралы онлайн режимінде хабарландыру келеді.
Екінші қадам: егер бірінші қадамнан мақұлдау алсаңыз, одан кейін процесинг орталығының қызметкері қолма-қол автокөліктің құжаттарының дұрыстығын тексереді және критерийлерге сәйкес келген жағдайда көлік құралын электрондық мақұлдау (одобрения) парағына енгізеді.
Үшінші қадам: Сіз қайтадан онлайн режимде өтінім бересіз. Одан соң көлік құралының техникалық құжатындағы агрегаттармен сәйкестігін тексеруге және криминалистикалық салыстыру жүргізу үшін көлік құралы тексеру пунктіне (ангар) жіберіледі.
Төртінші қадам: салыстырып тексеруден сәтті өткеннен кейін, автоЦон-ға барлық қажетті құжаттарды ұсынасыз, мемлекетке 200 мың теңге көлемінде алым төлейсіз.
Айта кетсек, шетелдік көлік құралдарын тіркеу кезеңі 1 шілдеге дейін ғана жүргізіледі. Сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмай, шетелден әкелінген көліктеріңізді тіркеуден өткізіңіздер.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады

smarttop

ҚАЛА БАСШЫСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

smarttop

Қаладағы қоқыс мәселесі ауқымды

smarttop

Пікір қалдыру