1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ АУЫЗСУ БЕРІЛЕДІ

❇️ Бүгінде аудан аумағына жаңадан қосылған Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас елдімекендеріне су құбырлары тартылуда. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «Исфиджаб» тұрғын алабын ауызсумен қамтитын компания анықталуда.

Сумен жабдықтау жүйелері мен көздеріне түгендеу жүргізу шешуші мәселе болып табылады, оның нәтижесі проблеманың ауқымын бағалауға және оны шешудің балама жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Еліміз экономикасының тұрақты дамуы су ресурстарының молдығы және жай-күйімен анықталады. Тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқаттылығы судың сапасына тәуелді болғандықтан, оның стратегиялық маңызы жылдан жылға артып келеді.
Бағдарламамен өте таза, жақсы қорғалған, пайдаланушыға жақын орналасқан көз ретінде жер асты суларын пайдалануды кеңейту көзделіп отыр, бұл пайдалану шығынын әжептәуір төмендетеді.
Коммерциялық негізде тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің баға негізін қалыптастыру бойынша белгілі бір амалдарды іске қосу қажет. Тұтынушыға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін қызмет көрсету рыногының маңызды қозғаушы күші адал бәсекелестік болуы тиіс. Судың бағасы халыққа қол жетерліктей болуы, ал суды жеткізуге кеткен шығындар су тұтынушылардың төлемдері есебінен өтелуі тиіс.
Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтаудың техникалық-экономикалық негіздемесін және жобаларын әзірлеу кезінде пайдаланылатын нормативтер, стандарттар мен түрлі әдістемелік нұсқамалықтар ескірген және нарықтық қайта құру нәтижесінде өзгерген республика жағдайының ерекшеліктерін ескермейді. Сондықтан да «Су үнемдеу жөніндегі мақсатты бағдарлама» әзірлеу, «халықтың су тұтыну нормативтерін» және басқа да бірқатар, оның ішінде ауыз суды ыдысқа құю жөніндегі қызметті реттейтін нормативтік кесімдерді қайта қарау қажет.

Есептік кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарын инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы ауқымды жобалармен таныстырды. Ауданның ауызсумен қамтылу көрсеткіші қазір 94 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін сапалы ауыз су мәселесі толық шешімін табады. Сондай-ақ қазір Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе, Оңтүстік шағынаудандарын табиғи газбен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Газдандыру жұмыстары 2025 жылдың соңында толық аяқталады. 🔷 Былтыр аудан аумағындағы 9 елдімекендегі 2 мыңнан аса абонентке электр желісі тартылды. Қазір Қарабастау Жаңақұрылыс, Исфиджаб шағынаудандарын сапалы жарыққа қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

smarttop

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

smarttop

Пікір қалдыру