16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: «ТАССАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

«ABELLA» ЖШС КОМПАНИЯСЫ «ЮНИКС» ЖШС ЖӘНЕ «ЮНИКС-BEVERAGE» ЖШС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРУШІСІНІҢ ЭКСКЛЮЗИВТІ СЕРІКТЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Бүгінгі күні өңірлік дистрибьюторлармен және бүкіл Қазақстан бойынша ірі республикалық желілермен ынтымақтасады.

TASSAY САУДА МАРКАСЫ 25 ЖЫЛДАН АСТАМ уақыт бойы Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағында табиғи минералды және ауыз су саласында көшбасшы болып табылады және соның негізінде бөтелкедегі су мен сусындардың кең ассортиментін ұсынады. САПАЛЫ TASSAY АУЫЗ СУЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ таза ауданындағы Батыс Тянь-Шань тау бөктеріндегі Арыс-Бадам жер асты сулары кен орнының 5 меншікті ұңғымасынан өндіріледі.

Дамыған дистребьюциялық арнасының және Кеден одағы мен ЕАЭО ұсынатын мүмкіндіктердің арқасында компания Қазақстанның және көрші елдердің ең шалғай мекендеріне пайдалы табиғи су жеткізеді, қазақстандық қана емес, әлемдік брендтерге де лайықты бәсекелестікті қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда: 🔷«NURTAU distribution company» ЖШС — 2022 жылдың мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның инвестициялық құны 4,9 млрд теңге, 40-тан астам жұмыс орнымен қамту жоспарлануда. Шығарылатын өнімдері: ылғалды майлықтар, сұйық сабын, қатты сабын, антисептик. Жоба 2024 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, толық іске қосылу жоспарлануда; 🔷 «Unitex VOSTOK» ЖШС — 2022 жылдың мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның инвестициялық құны 350 млн. тг. Шығарылатын өнімдері: үй және кеңсе жиһазы. Жоба 2023 жылдың 4 тоқсанында құрылыс жұмыстарын аяқтап, толық іске қосылу жоспарлануда; 🔷«KASPY SERVICE» ЖШС — 2020 жылдың мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның инвестициялық құны 750 млн. теңге, 80-нен астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Шығарылатын өнімдері: Мұнара крандары мен лифтілер. Жоба 2024 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, толық іске қосылуы жоспарлануда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АУЫЗСУ МЕН ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛГЕН

smarttop

Түркістан облысында көлік терезесінен шығып отырған түлектерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүргізуші жауапқа тартылды

smarttop

Әскерге шақыру науқанына – ерекше назар

smarttop

Пікір қалдыру