Дамыған дистребьюциялық арнасының және Кеден одағы мен ЕАЭО ұсынатын мүмкіндіктердің арқасында компания Қазақстанның және көрші елдердің ең шалғай мекендеріне пайдалы табиғи су жеткізеді, қазақстандық қана емес, әлемдік брендтерге де лайықты бәсекелестікті қамтамасыз етеді.
Атап айтқанда: «NURTAU distribution company» ЖШС — 2022 жылдың мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның инвестициялық құны 4,9 млрд теңге, 40-тан астам жұмыс орнымен қамту жоспарлануда. Шығарылатын өнімдері: ылғалды майлықтар, сұйық сабын, қатты сабын, антисептик. Жоба 2024 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, толық іске қосылу жоспарлануда; «Unitex VOSTOK» ЖШС — 2022 жылдың мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның инвестициялық құны 350 млн. тг. Шығарылатын өнімдері: үй және кеңсе жиһазы. Жоба 2023 жылдың 4 тоқсанында құрылыс жұмыстарын аяқтап, толық іске қосылу жоспарлануда; «KASPY SERVICE» ЖШС — 2020 жылдың мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның инвестициялық құны 750 млн. теңге, 80-нен астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Шығарылатын өнімдері: Мұнара крандары мен лифтілер. Жоба 2024 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, толық іске қосылуы жоспарлануда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі