Smarttop.kz

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

«Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі мен салтанатты іс-шара өтті. Онда мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталып, жастар шеруі ұйымдастырылды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар қатысты.
Мерекелік іс-шарада әуелі Әнұранымыз шырқалды. Көпшілікке «Елдіктің нышаны болған Елтаңба, Ту, Әнұранның» шығу тарихынан ақпар беріліп, рәміздердің қадір-қасиеті айтылды.
Рәміздер алаңынан басталған патриоттық жиын одан әрі жастар шеруіне ұласты. Шеруге 600-ге жуық жас, қаладағы 8 жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысты. Олар Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би көшелері бағыты бойынша сап түзеп, рәміздерді насихаттады. Ту ұстаушы жастардың арасында қазақ күресінен әлем чемпионы Марат Байқамұров та болды.
Бүгін елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елдігімізді танытуда бұл күннің маңызы зор.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМДЕРІ ЖАЛПЫ 7775 АДАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

smarttop

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ГАЗ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру