13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

1 МАМЫР МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

❇️ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтағы «Достық» аллеясына ағаш көшеттерін отырғызды. 🔷 Сенбілікке қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшылығы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» ұйымы мен «Жастар рухы» қозғалысының өкілдер, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты. Көшетті қондырғанда басты ұстанатын, естен шығаруға болмайтын жағдайлар Көшет қондыратын шұқырларды қазып, алдын-ала дайындап қойған дұрыс. Көшет егілетін кезде жаңа көң мен минералды тыңайтқыш берудің қажеті жоқ. Бүгінгі көшет ертеңгі жеміс ағаштары екенін естен шығармаңыз. Сондықтан қондырған кездегі ара қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс. Сондай-ақ кеміргіштерден сақ болған жөн және басқалай зиянкестерден қорғау үшін ағаштың діңін ақтап, әктеп қою керек.
🔷 Айта кетейік, Наурыз мерекесі қарсаңында аталған аллеяға қалалық ассамблея мүшелері 100 түп ағаш көшетін отырғызған болатын. Бұл күні де этнос көшбасшылары мен ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшылығы 18 түп көшет отырғызып, аллеядағы ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын үнемі назарда ұстайтынын жеткізді. 🔷 Бүгінде Шымкентте тұратын 1 192 120 (2023 жыл басындағы статистикалық дерек) халықтың 70,9 пайызын – қазақтар, 15,8 пайызын – өзбектер, 6,3 пайызын – орыстар, 1,8 пайызын – әзірбайжандар, 0,9 пайызын – татарлар және қалған 4,3 пайызын – өзге этностар құрайды. 🔷 Қалалық ҚХА жанындағы 17 этномәдени бірлестік пен 7 қоғамдық құрылым мемлекеттік саясат аясында кешенді жұмыстарды атқаруға жұмылдырылған. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА 2 РЕТ ТЕГІН ҰБТ ТАПСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛЕДІ

smarttop

ҚАЗЫЛҒАН КӨШЕЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ — ҚР ИИДМ

smarttop

Пікір қалдыру