9.3 C
Шымкент
Четверг, 23 октября, 2025
Smarttop.kz

Түркістан облысында жол ережесін бұзған 500-ге тарта қоғамдық көлік жүргізушілері анықталды

Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында күшейтілген қызмет жүргізу түріне көшіп, рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Аталмыш жедел-профилактикалық іс-шараның 16 тәулігінде облыс полицейлерімен 19223 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 3505 дерек, 593-бабымен «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» — 3836 жайт тіркеліп, әкімшілік хаттама түзілген. 82 жүргізуші масаң халде көлік құралын басқарғаны анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін жинақталған іс құжаттар сотқа жолданды. 708 жүргізуші жылдамдық режимін бұзса, 651 жүргізуші маневр жасау ережесін елемеген. Бағдаршамның тыйым салу белгісінен 177 жүргізуші өтіп кетсе, 45 көліктің жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі анықталды. Тәртіп сақшылары көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін 1608 жүргізушіні, авариялық жағдай туғызғаны үшін 126 көлік тізгіндеушіні жауапқа тартты. Ал қоғамдық көлік жүргізушілері жасалған 483 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілері жауапкершілікке тартылды. Айыптұраққа жалпы 600-ден астам көлік қойылды.

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАР АРАСЫНДА АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРДЫ 2024-2025 ЖЫЛДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

smarttop

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА САПАЛЫ ЖАРЫҚ КЕЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру