🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагерлері Абылай Қазыбаев, Нина Егорқызы Мосунова, Мұраталы Төлепбергенұлының шаңырақтарына арнайы барып, қарт майдангерлерді құттықтап қайтты.
🔷 Әрқайсысы ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ұрпақ жадында өшпестей із қалдырған абыз қарияларымыздың өмір жолы бір дастан. Жастық шағының ең аяулы күндерін қиянкескі жорыққа арнаған ата-апаларымызға Мұрат Дүйсенбекұлы құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді.
Құттықтаған ардагерлердің жастары 100 бен 95 жасқа толғанына қарамастан тың көрінеді, әрі соғыс жайлы естеліктерін өзі ретімен айтып бергенде жадының мықтылығы байқалды.
Ардагерлер, соғысқа қатысқан жауынгерлер, батыр қыздар, тылда еңбек еткен апаларымыз фашизмге қарсы қайтпас қайсарлықпен күресе білді және жеңді.Жарқын күндерді жақындатқан ардагерлерді бүгінгі ұрпақ ұмытпауы керек деп ойлаймын. Өйткені солардың өшпес ерліктері біздің азат елдің ұрпағы болып қалуымызға мүмкіндік берді. Сол себепті де майдангерлер туралы айтылған естеліктерді тыңдай жүріп, оларға әрқашан тағзым ету, құрметтеу — біздің парызымыз.Ардагерлерге құрмет көрсету, аға ұрпаққа құрметпен қарау, жастардың бойында қазақстандық патриотизм, отаншылдық сезім және өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жуырда институттарда ардагерлермен, тыл еңбеккерлерімен кездесу, ашық эдвайзерлік сағаттар өткізілді. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев сынды қырандардың ерліктерін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес.
— Еш адам біздің көргенімізді көрмесін. Жастарға айтарым – заман сіздікі. Азаттық егемендіктің, тыныштықтың қадірін біліңіздер. Бәрін жеңетін — біліммен еңбек. Жастар оқысын, білімді болсын, елін дамытсын! — деп сөзін аяқтады ғасыр жасаған қария.
Отбасына келген қала басшысын жылы шыраймен қарсы алған аңыз ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, барша шымкенттіктерге бейбіт өмір мен елімізге жарқын болашақ тіледі.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі