9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ ҚҰРСАЙ ЕЛДІМЕКЕНІ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

🔷 Тұран ауданы аумағындағы Құрсай елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарының 2-кезеңі 2021 жылы басталған. Бүгінге дейін ұзындығы 151 шақырым су құбырының 92 %-ы тартылған. Биылғы маусым айында қолданысқа берілетін нысан шағынаудандағы 22 мыңнан астам абонентті сапалы тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5 % құрап отыр. Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде. Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал, Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі.

Өткен жылы ауылдық су құбыры жүйелерін жаңартуға арналған 13 жобаға 2,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 551 шақырым ауылдық су құбырлары қайта құрылып, 4 485 бірлік су өлшегіш құралдары қойылған. Сондай-ақ, баламасыз және оқшау су жүйелерін құруға 2,3 млрд теңге субсидия бөлініп, 300 мыңнан астам халық тұратын 159 ауылдық елді мекенге жеңілдетілген тарифпен ауыз су берілді. Жаңақорған ауданындағы Талап және Сырдария топтық сутартқышы, Шиелі ауданындағы Жиделі топтық сутартқышының құрылысы, елді мекендерді жерасты суына көшіру жобалары жалғасын тапты. Нәтижесінде, Жиделі топтық сутартқышына Шиелі ауданының Алғабас және Бидайкөл ауылдары қосылды.

Ауызсу тапшылығын көріп отырған шалғайдағы ауылдарға тіршілік көзін жеткізіп беру мәселесі Оңтүстік Қазақстан облысында да оң шешімін тауып келеді. Бүгінде өңірдегі 600-ден астам елді мекенге таза су жүйесі тартылған. Соның арқасында қазір оңтүстіктегі қала халқының 91 пайызы, ал ауыл жұртының 71 пайызы мөлдір тұщы суды тұтынып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша өңірлер арасында ОҚО төртінші орында тұр.

Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Қазіргі таңда Шымкентте сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 7 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай-1 мен 2, Асар-2, Нұртас, Текесу, Қайнарбұлақ шағынаудандары, Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары. Тиісті жұмыстар аяқталған соң бұл шағын аудандарда 11 мыңнан астам тұрғын ауыз суға қол жеткізеді. Осылайша 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.

Қазір Құрсай елдімекенін табиғи газбен және жарықпен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жыл соңына дейін басталатын құрылыс жұмыстарын алдағы жылы аяқтау жоспарлануда. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІКТЕР СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІН КҮТІП АЛДЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЛҒЫС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру