Жалпықалалық сейсмикалық оқу жаттығу шаралары №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының аумағында жалғасты. Мұнда шартты түрде халықты қабылдау пунктінің қызметі ұымдастырылды. Жаттығу барысында қала бойынша құрылған 123 эвакуациялық пункттің мекенжайлары арнайы мобильді қолданбаларға орналастырылды. Қала әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімәжитұлы сейсмикалық оқу жаттығу барысын қадағалап, штаб жұмысын пысықтады. «Жалпы қала аумағы төтенше жағдайдың карталық сызбасы бойынша 36 секторға бөлінген. Орталық штабтың барлық бөлімдермен тығыз байланыста болуы, резервтегі көмектерді шұғыл әрі тиімді пайдалануы маңызды. Қаланың әрбір мектебінде қабылдау пунктері іске қосылады. Әр ауданда арнайы штаб құрылады» — деді қала әкімі.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруда:
- Қазақстан Республикасының территориясында сейсмологиялық мониторинг жүргізу;
- бақыланатын территориялар мен жатқызылатын аудандардағы жерсілкіністер туралы тіркеулер мен мәліметтерді өңдеуді жүзеге асыру;
- жыл бойы далалық аспаптық бақылау өткізу және станциялар желісінен үздіксіз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеологиялық, деформографиялық, сейсмобиологиялық және басқа да ақпараттарды алу.
- Алынған мәлеметтердің алғашқы өңдеуін жүргізу;
- зерттеу аумағының сейсмикалық тәртібін бақылау бойынша тематикалық жұмыстар жүргізу;
- тіркеу процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізу және аспаптық бақылау мәліметтерін өңдеу және беру;
- Қазақстан территориясындағы күшті жерсілкінісінің эпицентрлік аймақтарында уақытша сейсмикалық және геофизикалық станцияларда жұмыстарды өрістету, сонымен қатар Қазақстан Республикасының директивті органдарының жарлықтары бойынша жұмыстар орындау;
- Қазақстан Республикасының директивті органдарын бақыланатын территориялардағы барлық сезілетін және күшті жерсілкіністері туралы хабарландырады;
- жерсілкінісін болжау комиссиясына мағлұматтар ұсынады;
- жерсілкінісінің оперативті каталогтары мен бюллетендерін құрастырады, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, деформографиялық және басқа ақпараттардың архивтерін қалыптастырады;
- жерсілкінісін болжау бойынша бақылау жүргізу және мәліметтерді өңдеу үшін жаңа әдістер мен техникалық құралдарды енгізеді.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері сейсмологиялық станциялар желісінде және алынған ақпараттарды өңдеу отрядтарында жүргізіледі.
Төтенше жағдай кезіндегі арнайы операциялар Ипподром аумағында көрсетілді. Онда шатырлы лагерь, далалық ас үй, тамақтану және азық-түлікпен қамтамасыз ету пункттері орналастырылған. Бүгінгі шараға 65 жеке құрам, жедел-құтқару жасақтың 5 құтқарушысы,өрт сөндіру қызметінің 16 арнайы техникасы, 10 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан 7 қоғамдық автобус тартылды. Сонымен қатар 21 қалалық азаматтық қорғау қызметі қатысып, дайындықтарын пысықтады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі