13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТАЙЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Чатчаван Сакорнсинмен кездесті. Тараптар ортақ қатынастарды дамыту үшін бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Екі елдің инвестициялық әлеуеті бойынша ақпарат алмасып, достық қатынастарды нығайтудағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды қарастырды. 🔷 “Қаламыздың Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартуда мүмкіндігі зор. Біз шетелдік инвесторларды тарту мақсатында қала аумағында өнеркәсіп алаңдарын құруға ерекше назар аударып келеміз. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз Тай капиталының қатысуымен жобаларды жүзеге асыруды сүйемелдеуге дайынбыз” – деді қала әкімі. Қазақстан-Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастар ел тәуелсіздігін алған жылдардан басталған. Ынтымақтастық көрсеткіштерінің бірі — қалалар арасында тығыз байланыс орнату болып табылады. Таиландтың әлемге әйгілі туристік бағыты Паттайя мен Шымкент — бауырлас қалалар. 🔷Еске сала кетейік, 2023 жылдың басынан бері Сыртқы байланыстар бөлімімен қала әкімі және қала әкімінің орынбасары деңгейінде шетел өкілдерімен әкімдік ғимаратында 16 кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қалада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілді және елшілердің сыпайылық кездесулері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ҚХР-ның Сиань, және Италияның Генуя қалаларымен бауырластық қатынас орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде. Ал, қазіргі уақытта Шымкент қаласы 8 мемлекеттің 10 қаласымен бауырлас қала ынтымақтастығына ие. Атап айтқанда, Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенэйдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гросетто, Эскишехир, Адана. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шымкент қаласымен бауырлас қалалардың басын қосу арқылы, бауырлас қалаларда қала экономикасын дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мәдени құндылықтарды арттыру бағытында тәжірибе алмасу, бауырластық қарым қатынасты одан ары нығайту үшін дипломатиялық корпусқа арналған форум ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Тараптар кездесу барысында қалалалар арасындағы байланысты нығайтудағы өзекті мәселелердің шешімін талқылады. Сондай-ақ алдағы уақытта тек туризм, мәдениет салаларында ғана емес, сауда-саттық, білім, денсаулық сақтау бағыттарында да бірлескен жобаларды қолға алуды қарастырды. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ИЗРАИЛЬДЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

smarttop

Алаяқтық қылмысының 7 жайтына қатысы бар әйел анықталды

smarttop

Пікір қалдыру