0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ДИХАНДАР ЖАСЫЛ КӨКӨНІСТЕРДІ ЕГУДІҢ КОНВЕЙЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы мамандары және шаруа қожалықтардың төрағалары бас қосып, инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізу мақсатында арнайы жиын өткізді. Мәселен, бау-бақша дақылдарымен бірге салат көкөністерін егу адам азғасы үшін пайдалы, әрі нарықта жиі сұранысқа ие. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстігінде отандық және шетелдік селекция бойынша салат көкөністерінің ең озық сорттарын конвейерлік технологиямен қалай өсіруге болатыны талқыланды. 🔷 Салат көкөнісінің сорттары, соның ішінде райхангүл, салат жапырағы, брокколи қырыққабаты, ақжелкен, руккола, аскөк, жасыл пиязды ашық далада өсіру ауыл шаруашылығының көкөніс кластерін әртараптандыруға ықпал етеді. Нәтижесінде халық сапалы өніммен үздіксіз қамтамасыз етіледі.  Айта кетейік, Мемлекет басшысы маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін және баға динамикасын тұрақты ұстап тұру мақсатында форвардтық келісім-шарттар түзу тапсырған болатын. Осыған орай, көктем және жаз айларында көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Колесников», «Сейдахметов» секілді ірі шаруа қожалықтары арасында бірқатар келісім-шарттар түзілді. Атап айтқанда, «Колесников» шаруа қожалығы 120 гектар жерге ерте пісетін картоп сортын егіп, 1000 тоннадан астам көкөніс алуды жоспарлаған. Кәсіпкердің ерте көктемнен басталған еңбегінің арқасында қазір егіс алқабындағы өнім ойдағыдай. Сондықтан картоп бағасын нарықта шекті суммадан асырмау үшін тұрақтандыру қорынан аталған қожалыққа қаражат бөлінді. Сондай-ақ, жасыл көкөністерді өсірудің конвейерлік технологиясы жыл бойы салат көкөністерін алуға мүмкіндік береді 🔷 Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысшылар мен мамандары, шаруа қожалығының дихандары семинар-жиын барысында тәжірибе үшін ризашылығын білдіріп, Шымкент өңірінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға өз үлестерін қосуға мумкіндік туғанын айтты. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МАХАББАТ АРАЛЫНДА ДА ЖЕМҚОРЛЫҚ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА БАСТАУЛАРДЫҢ БІРІ

smarttop

ЖАСТАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

smarttop

Пікір қалдыру