-2.7 C
Шымкент
Среда, 18 декабря, 2024
Smarttop.kz

Облыстағы 2700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға үлес қосқан 100 ерікті марапатталды

Ерікті болу үлкен ерлік. Бүгінде Түркістан облысының полиция қызметкерлеріне еріктілер үлкен көмек көрсетіп келеді. Облыста полицейлермен қоғамдық көмекші ретінде (ақылы, ақысыз) 619 ерікті қызмет атқарады. Ағымдағы жылы аталмыш волонтерлермен 2710 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 123 қылмыс ашылған. Оның ішінде есірткіге қатысты қылмыс 5 дерек.
Күнделікті профилактикалық шаралармен қоса еріктілер түнгі рейдтерде де жұмыс жасайды. Есірткі жарнамалаушы граффити жазбаларын жою жұмыстарына да өз үлестерін қосып келеді. Жалпы жас сақшылар іс-шаралардан бөлек адам жоғалу жайттарында да белсенді түрде іздеу жұмыстарына қатысып, тәртіп сақшыларымен бірге талай жандардың үйіне дін аман оралуына себепкер болған. Жыл сайын полицейлер 5 желтоқсан халықаралық еріктілер күніне орай оларды марапаттап, көмек көрсеткендері үшін алғыстарын жеткізеді. Мысалы полиция мен әкімдік тарапынан 2024 жылы қылмыс ашуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсене қатысқан 100 қоғамдық көмекші марапатталды.

Мәселен Түркістан облысында «Үздік сақшы» номинациясымен Созақ аудандық полиция бөлімінің қоғамдық көмекшісі Азамат Мақсатұлы Есенгелді марапатталды. Ол өз сөзінде: «Елге қызмет етер ерлермен қатар жүріп жұмыс жасау мен үшін үлкен мотивация. Осыған байланысты заң мен тәртіпті орнатуда қолдан келгенше халыққа қызмет етуге дайын екенімді айтқым келеді. Жастарды біздің қатарға қосылуға шақырамын!»-деп атап өтті.

Осылайша «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында облыста волонтерлермен жүйелі жұмыс жасалып келеді.

Ұқсас ақпараттар

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

smarttop

ЖАҢА «ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ.

smarttop

Шымкент ХҚКО-лары арқылы жеті айда 112 мың паспорт пен жеке куәлік берілді

smarttop

Пікір қалдыру