8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

АБАЙ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРЕДІ

🔷 Бүгінде Абай ауданы аумағында 18 емдеу мекемесі жұмыс істейді. Олардың 11-і жеке меншік, қалғаны мемлекеттік нысандар. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар Ынтымақ шағынауданының №14 емдеу орталығы филиалының және Қайнар бұлақ саяжайы мен Қайнар бұлақ тұрғын алабына емханалар құрылысын жүргізетін болады. 🔷 Аудан аумағында 2024-2025 жылдары 3 мәдени нысанның құрылысы басталады. Қазір ауданға қарасты 6 мәдени нысан бар. Мәдениет үйлері Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарында бой көтеретін болады. Мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. Олардың 6-уы 2023-2024 жылдары Нұршуақтың Достық жағы мен Ынтымақ жағында, Жаңатұрлан, Бозарық шағын ауданындарында салынады. 2024-2025 жылдары 4 мектеп Асар-2, Шымкент Сити, Достық шағынаудандарында бой көтеретін болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Президент Жарлығымен Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілді

smarttop

БАЗАР ЖАСТАРЫНА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕНІҢ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕТІНДІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІК ЕЛІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру