Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Корейлер Қауымдастығының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында Корея Республикасы мен Шымкент қаласы арасындағы өзара ынтымақтастық, мәдени және этносаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.Мәртебелі мейман Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас экономикалық, гуманитарлық салалардағы әріптестік байланыстармен жемісті жалғасын тапқандығын мәлімдеді.
Елші республикадағы үшінші қала мәртебесін иеленген Шымкент қаласына тұңғыш мәрте келгендігін жеткізіп, бұл жұмыс сапары аясында қаламызбен жақынырақ танысуды мақсат тұтқанын атап өтті.Қала басшысы Корея мемлекетінің дипломатиялық қызмет жетекшісінің шуақты Шымқалаға жасаған жұмыс сапарына сәттілік тілей отырып, қаламыздың еліміздегі алар орнын, оның бүгінгі экономикалық әлеуетін кеңінен таныстырды.
«Шымкент – Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі өндірістік, сауда, мәдени және ғылым мен білім орталығы. Қаламыздың түрлі экономикалық секторларында инвестиция тарту мүмкіндігі қарастырылған. Үш индустриалды аймақта өндіріс орындары шоғырланып, арнайы экономикалық аймақ, сауда-логистикалық орталығы түзілді. Бұл аумақтар бизнес салымдар үшін тиімді алаң ретінде қалыптасып, инвестициялық жобаларды ұтымды іске асыруға жағдай жасайды. Инвесторларға өндіріс орнын салуға мүмкіндік беріліп, инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етіледі. Коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер қарастырылған. Арнайы экономикалық аймақ қатысушылары үшін кедендік және салықтар бойынша жеңілдіктер бар», деп атап өтті Мұрат Дүйсенбекұлы.
Бүгінгі таңда үшінші мегаполисте 6618 корей тұрады. Екі елдің дипломатиялық қатынастары нәтижесінде Шымкент пен Корея арасындағы тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Былтыр тауар айналым көрсеткіші 45466,18 мың АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 188% — ға жоғары.
Қазір елімізде Samsung, Hyundai, Lotte, Posco, KNOC және басқа да жетекші корпорацияларды қоса алғанда, корей капиталы бар 550-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде.
Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты.