Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІКТЕР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

🔷 Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Осыған орай «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов, зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар еліміздің жарқын болашағы жолында тағдыр тауқыметін тартқан ұлт мақтаныштары мен арда азамттардың рухына құрмет көрсетті. Іс-шара алдымен ана мен бала ескерткішіне тағзым етуден басталды. Көпшілік саяси-қуғын сүргінге ұшыраған нәубет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 🔷 Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін 2020 жылы арнайы Мемлекеттік комиссия құрылды. Оңтүстiк Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша 2500-ден аса адам «Халық жауы» ретінде атылды. Бүгінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатындағы қуғын-сүргінге ұшыраған 563 азаматтың құжаттары толық ақтау бойынша қаралуда. Бүгінгідей бейбіт заман, кемелді келешек үшін жанын пида еткен қазақ зиялыларын ақтау, жаңарған қоғамда лайықты, мәртебелі ордарын беру — азаматтық парызымыз! Бүгінгі ұрпақ саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтап, мақтан етеді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Зорлық зомбылыққа жол жоқ!

smarttop

ЕМХАНА ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРДА ОТАНЫҢ 60 ТҮРІ ЖАСАЛАДЫ

smarttop

2022 жылға Ұлттық жобалар жеке бастамамен құрылған жұмыс орындары туралы

smarttop

Пікір қалдыру