

— Жастар бастамаларын қолдау үшін 18 бен 29 жасқа дейінгі жастардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.
— өмір сүру ортасын жақсартуға бағытталған нақты әлеуметтік іс-әрекеттер арқылы жергілікті қоғамдастық өміріне жастар мен жастар ұйымдарының қатысуын арттыру;
— «50 жаңа идея» топтамасын жинақтау, жастардың әлеуметтік, білім, экологиялық, старт ап жобалар және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдау мен дамытудың тұрақты бағдарламасына қайта форматтау жолымен байқау қорытындысының нәтижелігін қамтамасыз ету;
— қаламыздың әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымы, білім мен экологиялық жағдайының жақсартуын қамтамасыз ететін үздік жобаларды анықтау және кәсіпкерлікке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Ұлттық жобалар байқауына қатысуға 18 бен 29 жасқа дейінгі Шымкент қаласының жеке тұлғаларына рұқсат етіледі.
Өтінімдерді қарастыру барысында әлеуметтік, білім, экологиялық, старт ап жобалар және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бастамалар аясындағы бағдарламаларды жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар өтінім берушілерге басымдық беріледі.
Жастар бастамалар аясында тәжірибені растайтын сертификаттар, алғыс хаттар, ұсыным хаттар, жарияланымдар қосымша артықшылық болып есептеледі.



Байланыс тел: 8 775 487 77 71