8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨК ТУДЫ ӘУЕЛЕТКЕН АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Шымкентте Рәміздер күнінің құрметіне бірнеше іс-шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі 23 мың жанкүйердің Әнұранды бірге қосыла шырқағанымен ерекшеленсе, бірінде авто және велошерумен жалғасып жатты.

Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді.

Қазақстан байрағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы — 1:2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен оның бейнесі, көлемдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы эталонының түрлі-түсті және сызба бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс.

Қазақстан елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезі тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көшірме бейнесі, көлеміне қарамастан Қазақстан президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталонының түрлі-түсті немесе ақ-қара бейнесіне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс.

Ал Тәуелсіздік саябағындағы Рәміздер алаңында Әнұран шырқалып, көк Туды әуелетіп, егемендіктің басты белгілеріне құрмет көрсетілді. Іс-шараға әскерилер, күштік құрылым басшылығы, депутаттар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Меркелік іс-шарада патриоттық әндер орындалып, әскери оркестрдің музыканттары өнер көрсетті. Әсіресе, ардагерлер бірге қосылып шырқаған патриоттық әндер көпшілікті сүйсінтті. Мерекеге қатысқан әр шымкенттіктің қолындағы көк жалаулары рухты көтерді.

Патриоттық іс-шара аясында Ордабасы алаңынан Бәйдібек би ескерткішіне дейін Мемлекеттік туды желбіреткен 50 авто мен 80 велошеру көшелермен жүріп өткені де қала тұрғындарына рух беріп, мерекелік күннің абыройын асқақтатты.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 10 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРТЫНДЫЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 5 ЖЫЛДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

smarttop

Шымкенттік тұрғын қару сақтау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

smarttop

Пікір қалдыру